қазақша | русский | english    


АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ    

"АСТАНА МОТОРС" ҚМК    

Дс.-Жм.: 9:00-19:00    

Сн.-Жс.: 9:00-17:00    

ІЗДЕУ        
Автоорталықтар \ Hyundai
   КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).


толығырақ...

 
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
   HYUNDAI                             www.hyundai.kz

«Hyundai Center Kazakhstan» ЖШС - Қазақстан Республикасындағы Hyundai Motor Company концернінің ресми әрі айрықша дистрибьюторы. Отандық нарықта компания қолайлы баға мен үздік сапаның ең тамаша қиысымы болып отырған Hyundai автомобильдерінің үлгілік қатарын ұсынады.

 АВТОСАЛОН 

Компанияның қызметінің негізгі басымдықтары Қазақстанның нарығында Hyundai маркасының бет-бейнесін көпшіліктің қолы жететін әрі сапалы автомобиль ретінде ілгерілету және қолдап отыру болып табылады. Бұл үшін біздің компанияның барлық қызметкерлері өзінің жұмысының тиімділігін арттыруға, сапа басқару жүйесін үнемі жақсартуға, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын жетілдіруге ұмтылады. Hyundai Motor Kazakhstan – бұл білікті қызмет көрсететін, клиенттерге жеке дара көңіл бөліп, кепілді сапаны ұсынатын компания.

Қазіргі сәтте компанияның филиалдары Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Орал және Шымкент қалаларында ашылып, табысты жұмыс істеуде. Ресми дилерлердің 2007 жылғы сатылымдарының нәтижелері бойынша компания нарықта 3-ші орын алады. Осының алдындағы жылмен салыстырғанда Hyundai автомобильдерінің сатылымдары 82%-ға артты.

 АВТОМОБИЛЬДЕРДІ САТУ  

Hyundai Motor Kazakhstan ұсынатын автомобильдерінің барлығы да ТМД елдеріндегі іске пайдалану жағдайларына бейімделген. Біздің автосалондарда сатып алынған автомобильдердің барлығына 2 жыл мерзімге немесе 100 мың км жол жүруіне кепілдік беріледі.

 СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ  

Компанияда Hyundai Motor Company компаниясының Мәскеудегі Аймақтық оқу орталығында тренингіден өткен жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Қызмет көрсету және жөндеу жүргізу германиялық және итальяндық өндірушілердің қазіргі заманға сай жабдығында жүзеге асырылады. Сіздің автомобиліңізді жөндеу үшін және қызмет көрсету үшін Hyundai компаниясының фирмалық қосалқы бөлшектері пайдаланылады. Қосалқы бөлшектердің барлығына өндірушінің кепілдігі беріледі.

 КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР 
  • диагностиканың барлық түрлері;
  • жүйелердегі майды ауыстыру;
  • жүріс бөлігін жөндеу;
  • электрлік жабдықты жөндеу;
  • тежегіш жүйені жөндеу;
  • жетек таспаларын және ГРМ таспасын алмастыру;
  • қозғалтқыштар мен агрегаттарды күрделі жөндеу.

 ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ ФАКТІЛЕР  

Тұңғыш Hyundai автомобилі 1970-шы жылдары шығарыла бастады да, Pony деп аталды. Қазіргі Hyundai Motor компаниясының көшбасшысы болып табылатын тұңғыш Hyundai Sonata автомобильдерінің премьерасы 1988 жылы болып өтті. 2006 жылғы маусым айының басында J.D. Power and Associates компаниясы 2006 жылғы жаңа автомобильдердің сапасын зерттеу (Initial Quality StudySM (IQS)) нәтижелері бойынша автомобильдердің «non-premium» санатында Hyundai автомобилінің I орын алғаны туралы хабарлады. 2007 жылдың қорытындысы бойынша Business Week журналының деректеріне сәйкес брендтің құны 4,5 миллиард долларына бағаланды. 2007 жылы жол таңдамайтын жаңа Hyundai Veracruz автомобилінің дебюті болып өтті, Қазақстанға аталған үлгі 2008 жылдың екінші жартысында келеді.

 БАЙЛАНЫСТЫҚ АҚПАРАТ  

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Сүйінбай даңғылы, 245а
Тел.: +7 (727) 234-14-34
Факс: +7 (727) 234-14-42
E-mail: infohyundai.kz   Web-site: www.hyundai.kz


















ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ    ВЕБ-ТОРАПТЫҢ КАРТАСЫ    вверх