қазақша | русский | english    


АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ    

"АСТАНА МОТОРС" ҚМК    

Дс.-Жм.: 9:00-19:00    

Сн.-Жс.: 9:00-17:00    

ІЗДЕУ        
Компания туралы \ Тарих
 
   КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).


толығырақ...

 
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
   ТАРИХ

 1993 
  • Toyota автомобильдерін тікелей жеткізу туралы алғашқы келісімшарттарға қол қойылды.
  • Тұңғыш арнайы автосалон ашылды.
 1994 
  • ВАЗ, ГАЗ, КамАЗ, УАЗ автомобильдерін қамтамасыз етуге арналған қосалқы бөлшектер басқармасы құрылды.
  • Жапон автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша тұңғыш арнайы сервистік станция ашылды.
 1995 
  • Қазақстандағы тұңғыш TASS (Toyota Authorized Service Station) ашылды.
  • «Mobil Oil» компаниясымен дистрибьюторлық келісімге қол қойылды.
 1996 
  • «Стандарт Ойл» ЖШС – Қазақстан Республикасындағы «Mobil» ресми дистрибьюторы құрылды.
  • «3-ші таксомоторлық парк» ААҚ акцияларының бақылау пакеті сатып алынды.
  • Ғимараттың реконструкциясы.
 1997 
  • Астана қаласында «Астана Моторс» ҚМК филиалы тіркелді.
  • Автосалонның ашылуы. Оған ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың келуі.
  • «3-ші таксомоторлық парк» ААҚ-на іске пайдалану үшін Tofas Sahin таксилерінің алғашқы партиясын жеткізу.
  • «Toyota Vehicleavan» Мәскеу – Алматы бірінші автосайысына қатысу.
  • Компанияның қызметі басталғаннан бері 5 000 автомобиль сатылды.
 1998 
  • «Целин-Лада» ААҚ-ның (Астана қаласы) акцияларының бақылау пакеті сатып алынды.
  • «Toyota Vehicleavan» Алматы– Тбилиси екінші автосайысына қатысу.
  • «3-ші таксомоторлық парк» ААҚ-на іске пайдалану үшін 100 Hyundai Sonata III таксиін жеткізу.
 1999 
  • «3-ші таксомоторлық парк» ААҚ-на қала маршруттарында іске пайдалану үшін 20 Hyundai County автобусын және 70 Hyundai H-100 микроавтобусын жеткізу.
 2000 
  • Астана қаласында жаңа автоорталықтың ашылуы.
 2001 
  • «Fuji Heavy Industries» (Жапония) компаниясымен Қазақстанға Subaru маркалы автомобильдерін тікелей жеткізу туралы келісімге қол қойылды.
 2002 
  • «Subaru Center Kazakhstan» автоорталығының ашылуы.
 2003 
  • «Hyundai Center Kazakhstan» ЖШС – «Hyundai Motor Company» компаниясының ресми дистрибьюторы құрылды.
  • Hyundai маркалы автомобильдерін тікелей жеткізу және сату басталды.
  • Қала маршруттарында пайдалану үшін 50 Hyundai County автобусының жеткізілуі.
  • «Арт-Центр Алматы» галереясының ашылуы.
  • «Toyota Center Almaty» автоорталығының аумағында outdoor place ашылуы.
  • Қостанай қаласында автосалон ашылды.
 2004 
  • Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Өскемен және Шымкент қалаларындағы филиалдардың ашылуы.
  • «Fuji Heavy Industries» компаниясы мен «Subaru» бөлімшесының арасында эксклюзивті дистрибьюторлық келісімнің жасалуы.
  • «Hyundai Motor Company» және «Hyundai Center Kazakhstan» компанияларының арасында эксклюзивті дистрибьюторлық келісімнің жасалуы.
  • Қазіргі заманғы «Hyundai Center Kazakhstan» автосалонының тұсаукесері.
  • «Subaru Kazakhstan» төтенше айдау мектебінің ашылуы. «Астана Моторс» спорт командасының құрылуы.
  • «Жыл таңдауы» фестиваль-конкурсында жеңіске жету.
  • «Қазақстандағы № 1 автодилер» атағына ие болу.
  • Қазақстандағы автомобиль компаниясының клиенттерінің тұңғыш ресми ұйымы – «Астана Моторс» клубының тұсаукесері.
  • 2 400 Toyota, Subaru және Hyundai автомобилі сатылды. Осылайша, республиканың автомобиль нарығындағы компанияның үлесі 30%-дан асты.
 2005 
  • «Subaru Sales Award 2004» беделді марапатына ие болу: «Астана Моторс» сатылымдар серпіні бойынша Subaru компаниясының дүние жүзіндегі үшінші ресми дистрибьюторы деп танылды – өсім жылына 200%-дан асты.
  • «АВТОЦЕНТР-БАВАРИЯ» ЖШС-н сатып алу және BMW автомобильдерін жеткізу әрі қызмет көрсету туралы дистрибьюторлық келісімге ие болу.
  • Павлодар, Петропавл, Қостанайда дилерлік орталықтардың ашылуы.
  • «Hyundai Motor Company» компаниясы мен «Hyundai Motor Kazakhstan» арасындағы коммерциялық техниканы сатып өткізу туралы дистрибьюторлық келісімге қол қойылуы.
  • Автонесиелендіру нарығында инновациялық банктік өнімдердің ендірілуі.
  • Компанияның беделді «Hyundai Award Excellence 2005» марапатына ие болуы.
  • «Жыл таңдауы» фестиваль-конкурсында жеңіске жету. «Қазақстандағы 2005 жылдың № 1 автодилері» атағына ие болу.
 2006 
  • «Subaru Sales Award 2005» беделді марапатына ие болу.
  • Жаңа Toyota автосалонының құрылысының салынуы.
  • «АВТОЦЕНТР-БАВАРИЯ» Rolls-Royce автомобильдерін сатуды бастады.
  • «Hyundai коммерциялық техникасын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін» беделді марапатына ие болу.
  • «Ниссан Мотор Рус» компаниясымен дилерлік келісімге қол қойылуы.
  • «Астана Моторс» компаниясының Қазақстандық брендтер листингіне қатысуы.
 2007 
  • «Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясының 15 жылдығы.
  • Қазақстан альпинистерінің әлемнің аса биік Эверест және К2 шыңдарына өрлеу жобаларына бас демеушілік жасау.
  • Жылдың автомобильдік премьералары: Toyota Corolla, Subaru Tribeca, Nissan Qashqai, жаңартылған Nissan X-Trail және Patrol, BMW X5, Subaru Impreza, Hyundai Elantra және басқалары.
  • Hyundai Center Kazakhstan компаниясының коммерциялық бөлімшесі – Hyundai Truck & Bus компаниясын дербес әкімшілік бірлік ретінде бөліп шығару.
  • Қызылордада дилерлік орталықтың ашылуы.
  • «Астана Моторс» ҚМК-на Қазақстан тұтынушылар лигасы берген марапат – «Мінсіз» халықтық сапа белгісі.
  • «Астана Моторс» ҚМК филиалы мен Toyota Motor арасында Астанадағы Тойота дилері келісімшартын тез арада жасасу ниеті туралы келісімге қол қою.
  • «Жыл таңдауы» фестиваль-конкурсында жеңіске жету.
  • «Қазақстандағы 2007 жылдың № 1 автодилері» атағына ие болу.
 2008 
  • Жаңа Nissan автосалонының ашылуы.
  • Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасынан «Мінсіз» сапа белгісін алу.
  • Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысындағы тұңғыш әрі ең ірі жаңа пішімдегі көп брендті автомобиль кешенінің (car village) ашылуы.
  • Жаңа Hyundai сервистік орталығының ашылуы.
  • №1 автодилер. 2008 жылдың таңдауы марапатына ие болу.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ    ВЕБ-ТОРАПТЫҢ КАРТАСЫ    вверх