

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан несиелендіру шарттары
«Автокөлік сатып алу» бағдарламасы
Мақсаты: автосалоннан жаңа автокөлік сатып алуға берілетін несие.
Табысты растау: сатып алатын жаңа автокөліктің құнының кем дегенде 20 % мөлшерінде бастапқы жарна енгізілген жағдайда міндетті емес.
Бастапқы жарна: сатып алынатын жаңа автокөліктің құнының кем дегенде 15%-ы.
Несиенің ең үлкен мерзімі: 84 ай
Несиенің валютасы: теңге, АҚШ доллары немесе евро
Қамтамасыздық: сатып алынатын жаңа автокөлік, коммерциялық/бейкоммерциялық мақсаттағы жылжымайтын мүлік, заңды тұлғаның кепілдігі, банктік салым.
Мерзімінен бұрын өтеу: қарыз берілген күннен бастап 3 ай өткеннен кейін айыппұлдық шектемелерсіз
Сақтандыру: қолданыстағы тарифтерге сәйкес мүліктік сақтандыру (кепілзат), жеке дара (жазатайым оқиғалардан және еңбекке жарамдылығын жоғалтудан) және банктік қарызды (қажет болған жағдайда) сақтандыру.
Кепілзатты бағалау: автокөліктің құны фактура-шоттың немесе автосалонның прайс-парағының негізінде бағаланады.
Несиелік өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар:
1. өтінім берушінің, кепілзат берушінің, егер тең қарызгер болса, оның жеке бас куәлігі (көшірме/түпнұсқа);
2. өтінім берушінің, егер тең қарызгер болса, оның СТН-і (көшірме/түпнұсқа);
3. өтінім берушінің, егер тең қарызгер болса, оның ӘСК-і (көшірме/түпнұсқа);
4. зейнетақы қорынан үзінді көшірмемен бірге, соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
5. өтінім берушінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатының көшірмесі;
«Авто lights» бағдарламасы
Мақсаты: несие автосалоннан жаңа автокөлік сатып алуға беріледі;
Табысты растау: сатып алатын жаңа автокөліктің құнының кем дегенде 30 % мөлшерінде бастапқы жарна енгізілген жағдайда, міндетті емес.
Бастапқы жарна: сатып алынатын жаңа автокөліктің құнының кем дегенде 20%-ы.
Несиенің ең үлкен мерзімі: 60 ай
Несиенің валютасы: теңге.
Қамтамасыздық: сатып алынатын жаңа автокөлік.
Мерзімінен бұрын өтеу: қарыз берілген күннен бастап 3 ай өткеннен кейін айыппұлдық шектемелерсіз
Сақтандыру: мүліктік сақтандыру (кепілзат) және жеке дара (жазатайым оқиғалардан және еңбекке жарамдылығын жоғалтудан) сақтандыру. Сақтандыру сомасы несиенің сомасына кіруі мүмкін.
Кепілзатты бағалау: автокөліктің құны фактура-шоттың немесе автосалонның прайс-парағының негізінде бағаланады.
Өзіндік ерекшелігі: ай сайынғы жарнаны азайтуға және негізгі борыштың елеулі бөлігін соңғы айға ауыстыруға мүмкіндік беретін, несие өтеудің бірегей кестесі. Несиені өтеудің соңғы айында төмендегідей мүмкіндік бар: а) автомобиліңізді сатып жіберу және банкке негізгі борыштың қалған сомасын қайтару; немесе б) несие бойынша негізгі борыштың өтелмеген қалдығының сомасына жаңа несие ресімдеу.
Несие туралы өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар:
1. өтінім берушінің, егер тең қарызгер болса, оның жеке бас куәлігі (көшірме және түпнұсқа);
2. өтінім берушінің, егер тең қарызгер болса, оның СТН-і (көшірме және түпнұсқа);
3. өтінім берушінің, егер тең қарызгер болса, оның ӘСК-і (көшірме/түпнұсқа);
4. зейнетақы қорынан үзінді көшірмемен бірге, соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама (қажет болған жағдайда);
5. өтінім берушінің тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатының көшірмесі;
Енді Халық банкінің автосалонда (автосалонның атауына сәйкес) жүрген менеджері Сізге неғұрлым лайықты несиелендіру нұсқасын таңдауға, ақыл-кеңес алуға және алдын ала есебін жасап беруге көмектеседі.
Contact Center: +7 727 259 07 77 +8 8000 8000 59 |