КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ |
 «Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.
Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).

толығырақ...
 |
| |
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
|
|
ККЛУБТЫҚ КАРТА
|

«Астана Моторс» ҚМК-нің клубтық карталар жүйесі бойынша ереже
Автомобиль сатып алған жағдайда:
1. Негізгі ережелер:
- Клубтық картаның (бұдан әрі - Карта) күші «Астана Моторс» компаниясында (бұдан әрі - Компания) автомобиль сатып алған барлық жеке және заңды тұлғаларға (ЖТ және ЗТ) таралады.
- Картаның күші тек сервистік жұмыстарға және қосалқы бөлшектер сатып алуға ғана таралады. Шанақ жөндеу жұмыстарына Карта бойынша жеңілдік таралмайды.
- Картамен көзделген шегерімнен артық шегерімді ешкім де бере алмайды.
- Карта тек Компанияның автомобиль сатып алынған автоорталығында ғана жарамды, алайда сатып алу мәмілелерінің барлығы дерекқорға енгізіледі, яғни, клиент түрлі автоорталықтардан бірнеше автомобиль сатып алса, оған бірнеше карта берудің қажеті жоқ. Шегерім және картаның күшінде болу мерзімі әрбір автомобиль үшін бағдарламаланады.
- Картаның күшінде болу мерзімі: 3 жыл
Картаның күшінде болу мерзімі біткенде, клиент әлі де сол автомобильдің иесі болып табылса, оның өтінімі бойынша картаның күші тағы 3 жылға ұзартылады. Бұл орайда картаны ауыстыру керек емес, картаның мерзімін өзгерту үшін клиенттерді қолдау қызметіне хабарласу қажет.
2. Дисконттық карта түрлері*:
- Premium – сервистік қызметтер көрсетуге 5% және қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар сатып алуға 5%.
- Silver – сервистік қызметтер көрсетуге 10% және қосалқы бөлшектер сатып алуға 5%.
- Gold – сервистік қызметтер көрсетуге және қосалқы бөлшектер сатып алуға 10%.
*Toyota үшін:
- Premium – сервистік қызметтер көрсетуге 5%
- Silver – сервистік қызметтер көрсетуге 5% және қосалқы бөлшектер сатып алуға 5%.
- Gold – сервистік қызметтер көрсетуге және қосалқы бөлшектер сатып алуға 10%.
*Nissan үшін:
- Premium – сервистік қызметтер көрсетуге 5%
- Silver – сервистік қызметтер көрсетуге 5% және қосалқы бөлшектер сатып алуға 5%.
- Gold – сервистік қызметтер көрсетуге 10% және қосалқы бөлшектер сатып алуға 5%.
3. Дисконттық картаны алуға арналған өлшемдер:
Әр Автоорталық өзінің шәкілін белгілейді.
«Astana Motors Almaty»
- Premium- 20000 АҚШ долларына дейін
- Silver- 20000$ мен 30000$ аралығында
- Gold- 30000$ мен 40000$ аралығында
«Subaru Motor Kazakhstan»
- Premium – 1 автомобиль
- Silver – 2 автомобиль (бөлек сатып алуға болады)
- Gold – 3 автомобильден астам (бөлек сатып алуға болады)
«Hyundai Center Kazakhstan»
- Premium – 1 автомобиль
- Silver - 2-3 автомобиль
- Gold – 3 автомобильден астам
«А-Моторс»
-
Premium – 1-ші автомобиль (Micra, Note, Almera Classic, Primera) сатып алған кезде
- Silver – 2 автомобиль (Micra, Note, Almera Classic, Primera) сатып алған кезде, бөлек сатып алуға болады, немесе 1-ші автомобиль (Teana, Murano, X-Trail, Pathfinder, Qashqai, Patrol) сатып алған кезде
- Gold – 2 автомобиль (Teana, Murano, X-Trail, Pathfinder, Qashqai, Patrol) сатып алған кезде, бөлек сатып алуға болады
4. Картаны дайындау мерзімі: автомобиль сатып алынған күні беріледі.
|
|