КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
|
 «Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.
Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).

толығырақ...

|
| |
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
|
|
BMW www.bmw.kz
|

2005 жылдың маусым айында «Астана Моторс» компаниясы өзінің брендтер қоржынының немістің BMW автомобильдік маркасымен толықтырылғаны туралы ресми түрде жариялады. Осы сәттен бастап BMW автомобильдерінің айрықша импорттаушысы AG «БАВАРИЯ АВТООРТАЛЫҒЫ» компаниясы Қазақстанның автомобиль бизнесінің көшбасшысы – «Астана Моторс» ҚМК құрамына кірді.
АВТОСАЛОН
BMW автомобильдері Қазақстанда 2000 жылы ресми түрде сатыла бастады. 2002 жылғы маусым айында Алматыда «БАВАРИЯ АВТООРТАЛЫҒЫ» компаниясының жаңа ғимаратының тұсаукесері болып өтті, оның жалпы ауданы 4 320 м2 құрады. Салтанатты көрме залында Сіз бавариялық концерннің соңғы жаңа өнімдерін көріп, тапсырыс бере аласыз. Біздің автосалонға келгенде Сізге тек жоғары сапалы қызметтер көрсетіліп қана қоймайды, сонымен қатар Сіз беделді әрі аса сәнді автомобильдердің ерекше аужайына бөленіп, BMW көлігінің рухын сезіне аласыз.
АВТОМОБИЛЬДЕРДІ САТУ
Қазіргі заманға сай «БАВАРИЯ АВТООРТАЛЫҒЫ» автосалонында BMW автомобильдерінің бүкіл үлгілік қатары көрсетілген, оларға жүріс көлемін шектеместен 2 жыл мерзімге кепілдік беріледі. Автомобильдердің барлығы Қазақстанда іске пайдалану жағдайларына бейімделген. Үлгілердің барлығының сыртқы бейнесі бірегей қайталанбас, олар BMW маркасының беделін паш етеді, және Қазақстан нарығына сан алуан түрде жинақталып және түрлі техникалық сипаттамаларымен жеткізіледі. Сонымен қатар 2006 жылы «БАВАРИЯ АВТООРТАЛЫҒЫ» премиум класс автомобильдерінің аңызына айналған Rolls Royce автомашинасын сатуды бастады.
СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Компанияның сервистік орталығы қазіргі заманға сай ең озық жабдықпен жарақталған, ол шығарылған жылының қандай екенінен тәуелсіз, кез келген BMW автомобилі үшін толық ауқымды қызметтер көрсетеді. Сервистік орталықтың бірегейлігі тек автомобильдің ақаулықтарын дәл айқындауда ғана емес, сонымен қатар аталған орталықтың қашықтан қатынау әдісімен BMW автомобильдерін өндірушінің біртұтас сервистік орталығына жалғаулы екені болып табылады, бұл бүкіл дүние жүзі бойынша бірдей диагностикалау деңгейін қамтамасыз етеді. Сапа, тиімділік және инновациялар – BMW сервисінің үш құрамдас бөлігі, оны біздің клиенттеріміз біледі әрі олар осыған әрқашан да үміт арта алады. Үлгілерді жетілдірудің әр кезеңінің алғашқы сатыларынан бастап BMW автомобильдерін жасаушылар Сіздің автомобиліңізге қызмет көрсету мен жөндеуді қалайша жақсырақ қамтамасыз етсек деп ойлайды. Сервистік орталық тек BMW AG-ның қатаң сапалық стандарттарына сай келетін және өндіруші зауыттың кепілдігі берілетін түпнұсқа қосалқы бөлшектерді ғана ұсынады. Барлық қосалқы бөлшектер автомобильге орнатылардан бұрын қатаң сынақтан өткізіледі. BMW компаниясы автомобильді өндірістен алып тастағаннан кейін 15 жыл бойы оның қосалқы бөлшектерін шығара береді.
КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР
- BMW, MINI және Rolls-Royce автомобильдерінің, BMW мотоциклдерінің электрондық жүйелерінің компьютерлік диагностикасы;
электрлік жабдықты диагностикалау және жөндеу;
- қозғалтқыштарды жөндеу, соның ішінде күрделі жөндеу;
- жүріс бөлігін жөндеу;
- техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыс түрлері;
- кез келген марканың жүріс бөлігінің компьютерлік геометриясы;
- автокондиционерлерді диагностикалау, жөндеу және толтыру;
- шина құрастыру және доңғалақтарды теңдестіру;
- шыныларды ауыстыру және автомобильдердің салонына қатысты жұмыстар;
- бүркігіштер мен ауа сорғыш қозғалтқыштарды ультрадыбыстық жабдықта тазалау;
- амортизаторлар мен тежегіш жүйені стендте диагностикалау;
- автомобильдерді керек-жарақтармен және қосымша жабдықпен толықтырып жабдықтау;
- кез келген автомобильдердің шыныларын күңгірттеу;
- дабылдама орнату.
ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ ФАКТІЛЕР
BMW (Bayerische Motoren Werke) маркасының тарихы 1917 жылы авиациялық қозғалтқыштар мен олардың қосалқы бөлшектерін шығарудан басталды. Концерннің ентаңбасы оның авиациялық өткенін еске салады да, аспан аясындағы шыр айналған пропеллерді рәміздейді. Марканың тұңғыш автомобилі Айзенахтағы Dixi зауытында 1929 жылы шығарылды – бұл BMW-Dixi 3/15 еді (лицензиялық Austin Seven).
1970-ші жылдардың басында атақты BMW серияларының алғашқы автомобильдері – 3-ші серияның, 5-ші серияның, 6-шы серияның үлгілері пайда болады. Осыдан отыз жыл бұрын, 1977 жылы, Bayerische Motoren Werke компаниясы 7-ші сериялы BMW автомобилін жасау арқылы «люкс» класында жарып шығып, жаңа асудан өтті. 1999 жылдың басында BMW X5 автомобилінің дебюті атаулы оқиғаға айналып, ол белсенді демалысқа арналған әлемдегі тұңғыш Спорттық Автомобиль болды. Сол жылы ғаламат спорттық автомобиль BMW Z8 өзінің премьерасын тойлап, «Бүкіл дүние тақияңа тар» атты фильмде Джеймс Бондқа табынушылардың таңдайын қақтырды.
2008 жылы жаңа Sports Activity Coupe класындағы ең бір көптен күткен автомобиль – BMW X6 сатыла бастады.
БАЙЛАНЫСТЫҚ АҚПАРАТ
Орналасқан жері: Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 115
Тел.: +7 (727) 250-00-22, 250-71-77, 273-62-20
Факс: +7 (727) 273-75-50
E-mail: bavaria bmw.kz Web-site: www.bmw.kz
|








|
|
|