
"Алматы" өнер орталығын "Астана Моторс" ҚМК құрған және ол 2003 жылғы 4 көкекте ашылды. Өнер орталығының жинағы Қазақстанның үздік суретшілерінің туындыларынан жинақталған.
Орталық өнер шеберлеріне жан-жақты қолдау көрсетеді, қаламыздың мәдени өмірін байытады және кеңейтеді, біздің өнеріміздің әлемдік көркемөнер үрдісіне қосылуына көмектеседі, шығармашылық зияткер қауым мен жалпы қоғамның арасындағы байланыстарды дамытады.
"Алматы" өнер орталығы деген атаудың біршама ностальгиялық сипаты бар, ол еліміздің кескіндеме өнерінде аты аңызға айналып, туындылары Қазақстан мәдениетінің алтын қорынан лайықты орын алған тамаша шеберлер өмір сүрген және шығармаларын дүниеге келтірген уақытқа бағышталған.
"Алматы" өнер орталығы кескіндеме өнері, саз, театр, кино, әдебиет, поэзия салаларындағы сан алуан жобалар үшін, өнер мен мәдениет саласындағы кәсіпқойлармен көзбе-көз араласу үшін әрдайым ашық.

Қазақстан Республикасы, 050018, Алматы қаласы,
Сүйінбай даңғылы, 151, Баянауыл көшесінің қиылысы,
("Алматы Тойота Орталығы" аумағында).
Тел.: +7 (727) 383 17 63
e-mail: art astana-motors.kz
Жұмыс тәртібі: Сс.-Сб.: 10:00 - 18:00; Дс., Жс. - демалыс
|