қазақша | русский | english    


АВТОСАЛОНДАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ    

"АСТАНА МОТОРС" ҚМК    

Дс.-Жм.: 9:00-19:00    

Сн.-Жс.: 9:00-17:00    

ІЗДЕУ        
Көрсетілетін қызметтер \ Лизинг
 
   КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Астана Моторс» Қазақ Мотор Компаниясы – автомобильдерді сату мен сервистік қызмет көрсету саласындағы Қазақстандағы тұңғыш компания.

Компанияның мұраты – елімізде өркениетті автомобиль нарығын қалыптастыру. Біз «үш S» қағидасы бойынша жұмыс істейміз: Sales (автомобильдер сату), Service (сервистік қызмет көрсету), Spare parts (түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді сату).


толығырақ...

 
“АЛМАТЫ” ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ
   ЛИЗИНГ                                      www.aml.kz

ЛИЗИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Лизинг – мүлікті сатып алу және оны лизинг келісімшартының негізінде белгілі бір бағаға, белгілі бір мерзімге және келісімшарттан туындайтын белгілі бір шарттармен лизинг алушыға табыстау бойынша инвестициялық қызмет түрі, лизинг алушыда мүлікті құнын төлеп сатып алу құқығы қалады.

ЛИЗИНГТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
  1. Өндірістік қуаттылықтарды айналымдық қаражатты жұмсамастан жаңарту;
  2. 80%-ға дейін қаржыландыруды қамтамасыз ету;
  3. Мүлік лизинг алушы кәсіпорынның балансында көрсетіледі;
  4. Лизинг келісімшартының әрекет мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін;
  5. Лизинг бойынша сыйақы түгелдей шегерімдерге жатқызылады;
  6. Алғашқы іске пайдалану жылындағы қосарлы амортизация нормасы;
  7. Лизинг келісімшарты әрекет еткен мерзім ішінде ҚҚС біркелкі мөлшерде есептеледі;
  8. Лизинг берешекті өтеу кестесін жасау тұрғысынан аса икемді болып келеді;
  9. Лизингтің заты лизинг келісімшарты аяқталғаннан кейін лизинг алушының меншігіне беріледі;
  10. Сатып алынып отырған лизинг заты лизинг мәмілесінің бірден бір қамтамасыздығы болып табылады.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЛИЗИНГ ШАРТТАРЫ

Лизингтің мерзімі:

     · Оңтайлы мерзім – 37 ай.

Сыйақы мөлшерлемесі:

     · Жылдық 18%.

Аванстық төлем енгізу:

     · Лизинг затының құнының 20%-ы және одан көп мөлшерде.

Сіздің лизингке көлік құралдарын, құрылыстық және арнайы техниканы сатып алуыңызға болады.

Сондай-ақ біздің компания автокөлікті жалға беру қызметтерін ұсынады.

ЖАЛҒА АЛУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
  1. Кәсіпорынның айналымдық қаражаттарын үнемдеу;
  2. Көлікке салынатын салық пен автокөлікті сақтандыру қаражатын үнемдеу;
  3. Сервистік қызмет көрсетуге, техникалық тексеруге, қосалқы бөлшектерді, автошиналарды сатып алуға, автотұраққа және жууға байланысты қиындықтардың болмауы.
Жалға алу құнына төмендегілер кіреді:
  1. Жүргізушінің жалақысы;
  2. Сақтандыру (Автокаско + НС, ГПО);
  3. Жөндеу (ТТ1, ТТ2);
  4. ЖЖМ;
  5. Жуу, автотұрақ;
  6. Көлік салығы;
  7. АКБ, авто-резинаның (Қыс, Жаз) құны;
  8. Техникалық тексеруден, ЖПБ комиссиясынан өту.
Толық ақпарат «Astana Motors Leasing» компаниясының www.aml.kz веб-торабында берілген.
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ    ВЕБ-ТОРАПТЫҢ КАРТАСЫ    вверх